12 - 14 маусым, 2025
12 - 14 маусым, 2025
3
Күндер
110
Компаниялар
30
Келіссөздер
10
Демеушілер
/ 01
KAZDENTEXPO бұл:
KAZDENTEXPO халықаралық стоматологиялық көрмесі бүкіл Еуразиялық кеңістіктің кәсіби қоғамдастықтарына белгілі.
Жыл сайын ол өзінің ауқымын кеңейтіп келеді.
Көрмеге жыл сайын Орта Азия республикаларынан (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан) алты мың стоматолог, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар келеді. 2023 жылы Ресей Федерациясынан.
Көрменің тұрақты экспоненттері – әлемге әйгілі жүзге жуық компания, солардың ішінде – Colgate-Palmolive, ROCS, Densply – Sirona, Osstem Implant, Ivoclar Vivadent, Com-dental, DMI, VATECH, Johnson & Johnson, GSK, Straumann және тағы басқалар.
Экспоненттердің географиясына Германия, Италия, Израиль, Қытай, Түркия, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан сияқты елдер кіреді.
Көрме жылына екі рет қатарынан 15 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді: көктемде – Алматыда, күзде – Шымкентте.
XVII көрме 2025 жылғы 12 – 14 маусым аралығында Алматыда, “Атакент” ХКО, Тимирязев көшесі, 42, 11-павильонда өтеді.
2024 жылғы 9 және 10 қараша көрме өзінің тұрақты және жаңа қатысушыларын Шымкент қаласында, Түркістан облысында, Назарбаев даңғылы, 12, “Көрме” көрме кешенінде қарсы алуға дайын.
Көрме аясында тәжірибелік заманауи стоматологиялық технологиялар бойынша мазмұнды семинарлар өтеді.
/ 02
Көрмеге қатысу неліктен маңызды
Тәжірибелі нарық ойыншылары да, ісін жаңа бастағандар да біздің экспоненттеріміз бола алады. Көрмеге қатысушылардың қай санатына жатсаңыз да, біз сізге толық көмек көрсетеміз, өнімді ең жақсы түрде ұсыну үшін стендті таңдауға көмектесеміз.
Сіздің брендтің көрмеде ұсынылуы оны танымал етеді. Осылайша сіздің өніміңізге деген бейілділік артады.
Сіз өзіңізді сенімді компания ретінде көрсетесіз, өйткені сіз әлемдік деңгейдегі іс-шараға қатысасыз.
Көрме – бұл серіктестер табудың ғана емес, сондай-ақ клиенттің назарын арттырудың үлкен мүмкіндігі. Өйткені, оған дәстүрлі түрде келушілер көп келеді: бұл стоматологиялық практиктер, стоматологиялық техниктер, стоматология факультеттерінің студенттері және өз стоматологиялық денсаулығына қамқорлық жасайтын қазақстандықтар.
Сіз назар аудару үшін түрлі науқандар өткізуге, мастер-кластар мен семинарлар ұйымдастыруға мүмкіндік аласыз.
KAZDENTEXPO көрмесіне қатысу – бұл:
/ 04
Көрме кестесі
Көрмені өткізу кезеңі:
Күні мен уақыты:
Атакент Халықаралық Көрме Орталығы
Тимирязев көшесі 42
Көрме Орталығы
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 12
/ 05
Ең жақсы жерде өтеді
KAZDENTEXPO дәстүрлі түрде жылына екі рет өтеді, мамырда – Алматыда, қыркүйекте – Шымкентте.
Екі қала да республикалық маңызы бар қалалар болып табылады және Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Халық тығыз орналасқандығына және қалалар құрылысының жылдам қарқынына байланысты Алматы мен Шымкентте стоматология саны, басқа өңірлерге қарағанда, дәстүрлі түрде анағұрлым көп.
Жақын маңдағы Орталық Азия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің стоматологтары біздің көрмеге үлкен қызығушылық танытады, өйткені Ташкент пен Бішкек қалалары жақын маңда орналасқан.
Көрме ең үздік кәсіби көрме алаңдарында өткізіледі: “Атакент” – Алматыда және “Көрме” – Шымкентте.
Еуразиядағы ең ірі стоматологиялық көрмеге барыңыз